
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2025 жылғы 2 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ғылым, бизнес және өндірістің интеграциясы» атты форум өтті. Форумның мақсаты – экономика, қалалық басқару және өнеркәсіптік өндіріс салаларына тиімді жаңалық енгізу үшін ғылыми қауымдастық пен кәсіпкерлердің, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Форумға жиналған қатысушылар Farabi HUB инновациялық орталығын аралап, ҚазҰУ-дың жетекші ғылыми-техникалық базаларымен танысып шықты. Атап айтқанда, Қазақстан-Қытай Жерді қашықтықтан зондтау технологиялары зертханасы, Солтүстік-Батыс политехникалық университеті филиалының Микроспутниктер зертханасы, RoboMech робототехника және мехатроника орталығының Kuka роботтары және Орталық Азиядағы ең қуатты – ҚазҰУ суперкомпьютері, Технопарк және Дәрілік өсімдіктер орталығы, ZTE компаниясының инновациялық орталығы, Химия, физика, биотехнология және нанотехнология саласындағы инновациялар көрмесі — келушілерге ерекше әсер қалдырды. ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы — ректор, филология ғылымдарының докторы, профессор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев өзінің алғысөзінде: «Ғылым мен инновация — ҚазҰУдың негізгі басымдықтары. Біз цифрлық технологияларды, жасанды интеллект пен экологияға қатысты тұрақты шешімдерді белсенді түрде енгіземіз және осы бағытты дамытуда университеттің 8 ғылыми-зерттеу институты, 140 зертханасы, 34 ғылыми орталығы мен 2 ұжымдық пайдалану зертханасы табысты жұмыс жасайды» деп атап өтті. Ал, Алматы қаласының әкімі Ерболат Асқарбекұлы Досаев қала инфрақұрылымын дамыту, экология және цифрландыру мәселелері жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ, Форум аясында ҚазҰУ мен жетекші компаниялардың бірі – «Astana Motors-Manufacturing» автомобиль өнеркәсібі мен «Dragon Lakshme Group KZ» ЖШС – арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Пленарлық сессияда пікірталасқа қатысқан Astana Motors-Manufacturing Kazakhstan зауытының директоры Максим Викторович Тарасов, ҚР ҰҒА академигі Амангелді Қуанбайұлы Бисенбаев, Қазақстандағы ZTE корпорациясының бас директоры Вэй Вэй, ҚР ҰҒА академигі Мұхамбетқали Мырзабайұлы Бүркітбаев, «Alageum Engineering» ҒЗТК директоры Әділбек Әмірбекұлы Тәжібаев, Дәрілік өсімдіктер орталығының директоры биология ғылымдарының докторы, профессор Жанар Жеңіс орта, өнеркәсіп және тұрақты даму саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдары мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды.
Н. Данаева,
баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік
өнер кафедрасының аға оқытушы