Тақырыптар

Қазақстандағы этнопублицистиканың тарихи даму негіздері

Автор этникалық баспасөздің мазмұндық сипатын ашуды оның эволюциялық құбылысы мен ғылыми тұжырымдық болмысын зерттеп, әлеуметтік-тәжірибелік қызметін айшықтау арқылы жүзеге асырады.

Аңдатпа

Автор мақалада этникалық баспасөздің мазмұндық сипатын ашуды оның эволюциялық құбылысы мен ғылыми тұжырымдық болмысын зерттеп, әлеуметтік-тәжірибелік қызметін айшықтау арқылы жүзеге асырады. Жаһандану жағдайында ұлттық мүдде мен ұлттық құндылықтарды сақтауға қайшы келетін жағдайлардың орын алуына назар аударып, этнокөсемсөз саласының маңыздылығын ашуға көңіл бөледі. Этнокөсемсөздің еліміздегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы тарихи-мәдени, саяси-әлеуметтік, экономикалық байланыстарға да ықпал ететінін ескертеді.

Ғылыми-зерттеу мақаланың мақсаты мен міндеттері – этнопублицистикаға ғылыми-теориялық жағынан тұжырымдар жасап, оның анықтамасын беру арқылы қоғамдық-саяси, тарихи-мазмұндық сипатын ашу. Этнопублицистиканың тарихи даму негіздері көпэтносты қоғамдағы этносаралық қатынас пен этномәдени ерекшеліктер арқылы талданады. Қазақстандағы ұлттық саясатты жүзеге асыру жолында этнокөсемсөздің алатын орнын айқындау үшін «Ахыска», «Давар», «Наири», «Коре Ильбо», «Уйғур авази» сияқты басылымдар зерттеу нысаны ретінде қарастырылады.

Мақалада бүгінге дейін этнопублицистикаға зерттеу жасаған ғалымдардың еңбектерін жан-жақты қарастыра отырып, этнокөсемсөз бағытының жеке сала тұрғысында зерттеу нысаны болмағандығына көз жеткізуден туындайды. Мәселенің шешімін табу мақсатында жүргізген зерттеудің жүйесі дәстүр мен жаңашылдық сипатын тереңірек қарастыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін көсемсөздің мазмұны мен қолданбалы қызметі баспасөзде, телевизияда, радиода көрініс тапты. Тақырыптық жағынан ғылыми тұжырымдамалар жасалып, терең қарастырылды десек болады. Ал осы жанрдың жеке түрі болып табылатын этнокөсемсөз (этнопублицистика) ғылыми саралаудан тұңғыш рет өтіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *