«Давар» газеті Республикамыздағы еврейлердің «Мицва» ұлттық ұйымдарының қолдауымен 1999 жылдың мамыр айынан бері Еврей және орыс тілінде шығады.
Қазақстандағы еврейлер қауымдастығының ақпараттық хабаршысы болып табылады, еврей тілінен аударғанда «Сөз» деген мағынаны білдіреді. Он алты беттен тұратын басылым 4000 тиражбен ел аумағына тегін таралады. Бүгінде Ақпараттық Хабаршы «ЖОЙНТ» дүниежүзілік еврей ұйымының демеушілігімен шығарылады. қатынастар. Негізгі айдарлары: «Қауымның тыныс-тіршілігі», «Біздің дәстүрлеріміз бен мұрамыз», «Біздің қауымның адамдары», «Жастарға арналған қосымша», «Тарихтар мен тағдырлар», «Біз – қазақстандықтармыз», «Жақында әрі алыста». «Давар» сондай-ақ Қазақстанда іске асырылатын халықаралық жобалар жайында, атап айтсақ, балалар мен жастар шығармашылығына арналған «Freilehe кinder» халықаралық фестивалі, «Тарих. Жады. Адамдар» халықаралық тарихи конференциясы және т.б жариялап отырады. Алғашқы бас редакторы – Юрий Каштелюк. Одан кейінгі кезеңдерде газетке Виктор Гольдмахер, Наталья Пеньковская, Людмила Енисеева-Варшавская басшылық жасаған. 2006 жылдан бастап «Давардың» бас редакторы – Исаак Яковлевич Дворкин. Газеттің басты ұраны – Бүкіл еврей бір-бірі үшін жауапты. – «Все евреи ответственны друг за друга!».